
Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналысы өтті.
Елдің бүкіл халқы үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесінің маңыздылығын бағалап, тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлерін Тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Айдос Садықов құттықтады.
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының «Қаржы сақшысы» медальімен мемлекеттік аудит бөлімінің мемлекеттік аудиторы – бас инспекторы Жанакбаева Оксана Абилгазиевна салтанатты түрде марапатталды.
Жиналыс барысында қатысқан қызметкерлері жылы тілектермен және құттықтаулармен пікір алмасты.