
Баспасөз хабарламасы
Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Таханов Аянның 2022 жылғы 6 мен 8 желтоқсан аралығында Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы мен Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы арасындағы келісімнің шеңберінде «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен ұйымдастырылған «Аймақтық даму бағдарламалары тиімділігінің бағалауы» тақырыбымен біліктілікті арттырудың қосымша бағдарламасы бойынша оқытуы семинарында қатысты.
Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының лекторларымен семинар өткізілді.
Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыстардың пікірлерімен және практикалық тәжірибесімен алмасты, сондай-ақ аймақтық даму бағдарламаларының бағалауы саласындағы жаңалықтарды талқылады.
Іс-шара соңында семинар қатысушыларына сертификаттар берілді.