
2022 жылғы 21 қыркүйекте Саран қаласында Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясымен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен «2016-2019 жылдарға арналған Саран қаласының даму бағдарламасының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру бағасы және бюджет қаражаттарын қолдану тиімділігінің мемлекеттік аудит қорытындылары туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Тексеру комиссиясының өкілдері, Саран қаласының жергілікті атқарушы органдарының бөлім басшылары мен бухгалтерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында 2016-2019 жылдарға арналған Саран қаласының даму бағдарламасының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асырып бағалау және бюджет қаражаттарын қолдану тиімділігінің мемлекеттік аудит қорытындылары туралы Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Айгүл Құтжанова баяндама жасады, сондай-ақ Саран қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Евгения Чиркованың мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша қабылданған шаралар туралы баяндамасы тыңдалды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының нормаларын сақтау, мемлекеттік бюджетті жоспарлау және атқару мәселелері талқыланды.
Соңында қатысушылар өңір экономикасының дамуына жергілікті атқарушы органдар қызметінің әсер етуінің ең өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.