Cалықтық әкімшілендірудің тиімділігіне, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығына, бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген сомаларды қайтарудың, есепке жатқызудың дұрыстығына мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз хабарламасы

Cалықтық әкімшілендірудің тиімділігіне, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығына, бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген сомаларды қайтарудың, есепке жатқызудың дұрыстығына мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

 2022 жылғы 21 шілдеде тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында салықтық әкімшілендірудің тиімділігіне, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығына, бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген сомаларды қайтарудың, есепке жатқызудың дұрыстығына мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.

Аудитке «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ және бюджеттік сыныптаманың 6 коды бойынша 2 аумақтық басқарма, атап айтқанда «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қазыбек би атындағы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қарағанды қаласы Октябрь ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ ұшырады:

* 101111 (ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы);

* 101201 (төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы);

* 101202 (төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы);

* 103101 (әлеуметтік салық);

* 104101 (заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық);

* 105316 (қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы).

Салықтық әкімшілендірудің тиімділігіне, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығына, бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген сомаларды қайтарудың, есепке жатқызудың дұрыстығына мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу жалпы сомасы 449 945,0 мың теңгеге, оның ішінде түсуге жататыны 449 547,5 мың теңге, бюджеттің тікелей шығындары 397,5 мың теңге, сондай-ақ 6 рәсімдік бұзушылық анықталғаны атап өтілді.

Аудиторлық іс-шара барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін 296 021,6 мың теңге (65,8%) түсті, түсімге қалдық 153 525,9 мың теңге.

Аудит нәтижелері бойынша «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ-не және аудитке ұшыраған 2 аумақтық басқармаға нұсқамалар жіберілді.