
2022 жылғы 15 шілдеде Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясымен Қарқаралы қаласында жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен «Қарқаралы ауданының экономикасының дамуына қызметінің әсер етуіне мемлекеттік аудит қорытындылары туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Тексеру комиссиясының өкілдері, Қарқаралы ауданының жергілікті атқарушы органдарының бөлім басшылары, бухгалтерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Айгүл Құтжанова Қарқаралы ауданының экономикасының дамуына жергілікті атқарушы органдар қызметінің әсер етуіне мемлекеттік аудит қорытындылары туралы баяндама жасады, сондай-ақ, Қарқаралы ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.М. Апендинаның мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданған шаралар туралы баяндамасы тыңдалды. Бұдан басқа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын сақтау, мемлекеттік бюджетті жоспарлау және атқару мәселелері талқыланды.
Соңында қатысушылар өңір экономикасының дамуына жергілікті атқарушы органдар қызметінің әсер етуінің ең өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.