Қарқаралы ауданының экономикасының дамуына жергілікті атқарушы органдар қызметінің әсер етуіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз хабарламасы

Қарқаралы ауданының экономикасының дамуына жергілікті атқарушы органдар қызметінің әсер етуіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

 2022 жылғы 14 шілдеде тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында Қарқаралы ауданының экономикасының дамуына жергілікті атқарушы органдар қызметінің әсер етуіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды.

Жылдан жылға жүйелі түрде қайталанатын бұзушылықтардың болуы, бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізбеу кезінде бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшілері тарапынан тиісті мониторинг пен бақылаудың болмауы жалпы сомасы 1 070 849,0 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының бұзылуына әкеп соқты, оның ішінде:

- бюджетке түскен кезде - 304,6 мың теңге;

- қаржылық бұзушылықтар - 970 853,7 мың теңге;

- тиімсіз жоспарлау – 8 465,2 мың теңге;

- бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану – 91 225,5 мың теңге;

-  рәсімдерді орындау тәртібін 120 бұзушылық;

-  15 жүйелік мәселелер мен кемшіліктер.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін бюджетке 304,6 мың теңге түсімдер қамтамасыз етілді, бюджетке 26 586,1 мың теңге өтелді және 161 811,0 мың теңге қалпына келтірілді.

Қалпына келтіруге жататын қалдық - 782 456,6 мың теңге.

Қаржылық бақылау шараларымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға 67 бұзушылық фактісі бойынша мемлекеттік аудит материалдары жіберілді. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар 4 факт бойынша материалдар «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ-ге жолданды.