
Баспасөз хабарламасы
2022 жылғы 7 сәуірде тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Тексеру комиссиясының отырысында «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-не бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізілді.
Отырыс барысында «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ қызметін қамтамасыз ету бойынша қызмет нәтижелеріне жалпы қол жеткізілгені атап өтілді.
Аудитпен жалпы сомасы 834,3 мың теңгеге немесе қамту сомасының 0,3% қаржылық бұзушылықтар, 5 рәсімдік бұзушылықтар анықталды.
Қаржылық бұзушылықтар қалыптасты:
- жалпы сомасы 78,4 мың теңге бір штаттан тыс қызметкерге мамандығы бойынша жұмыс өтілін жоғарылату есебінен;
- жалпы сомасы 5,8 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормаларын сақтамау есебінен;
- 750,0 мың теңге сомасына шығыстарды жылжыту күніне 153 «Көлік қызметтеріне ақы төлеу» ерекшелігі бойынша қаражатты үнемдеу болмаған кезде қызметкерлерге сыйлықақы беру есебінен.
Рәсімдік бұзушылықтар ретінде бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепте деректердің бұрмалануы, материалдық құндылықтарды сақтау үшін толық материалдық жауапкершілік туралы шарттың болмауы және Басқару аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын сақтамау байқалды.
Аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының атына нұсқама жолданды.