
Баспасөз хабарламасы
2022 жылғы 24 наурызда тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Тексеру комиссиясының отырысында Теміртау қаласы экономикасының, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына жергілікті атқарушы органдар қызметінің әсер етуіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды.
Жылдан жылға жүйелі түрде қайталанатын бұзушылықтардың болуы, бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшілері тарапынан тиісті мониторинг пен бақылаудың, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізудің болмауы жалпы сомасы 4 469 140,2 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының бұзылуына әкеп соқты, оның ішінде:
- бюджетке түскен кезде 28,6 мың теңге;
- қаржылық бұзушылықтар 527 847,2 мың теңге;
- бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 67 580,7 мың теңге;
- бюджет қаражаты тиімсіз пайдалану 3 873 439,0 мың теңге;
- бюджеттің тікелей шығындары 244,7 мың теңге;
- 137 рәсімдік және 11 өзге де бұзушылықтар.
Қабылданған қаржылық бақылау шараларымен бюджетке 90 010,7 мын теңге өтелді, бюджетке 28,6 мың теңге түсімдер қамтамасыз етілді және бухгалтерлік жазбалар жүргізу жолымен 347 833,9 мың теңге қалпына келтірілді.
Бюджетке өтелуге жататын қалдық 90 002,7 мың теңге.
Бұдан басқа, жіберілген бұзушылықтардың 30 фактісі бойынша материалдар лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне; бекітілген заттай нормалардан асып түсуден көрінетін бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану бөлігінде бұзушылықтардың 3 фактісі бойынша аудит объектілері басшыларының атына хабарлама жолданды.