Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясында Наурыз мейрамына арналған салтанатты жиын өтті

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясында Наурыз мейрамына арналған салтанатты жиын өтті

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясында мемлекеттік Наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті

Тексеру комиссиясының қызметкерлерін тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Айдос Садықов құттықтап, көктемгі мерекенің Қазақстан халқы үшін маңыздылығын атап өтті. Наурыз табиғаттың жаңаруы мен жаңа жылдың басталуын, жылулық пен құнарлылықтың салтанат құруын, достық пен ынтымақтастықты бейнелейді, адамдардың бейбіт өмірге, жақсылық пен келісімге деген ұмтылысын оятады.

Тексеру комиссиясының қызметкерлерінің тарапына зор денсаулық, жылулық, отбасылық молшылық, қуаныш және барлық істерде табыс тілек, лебіздері айтылды.