Осакаров ауданының экономика, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына жергілікті атқарушы органдар қызметінің әсер етуіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз хабарламасы

Осакаров ауданының экономика, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына жергілікті атқарушы органдар қызметінің әсер етуіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

 

2021 жылғы 28 желтоқсанда тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста Осакаров ауданының экономика, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына жергілікті атқарушы органдар қызметінің әсер етуіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.

Аудит нәтижелері бойынша отырыс барысында Осакаров ауданының даму бағдарламасын, мемлекеттік бағдарламалардың іс-шараларын іске асыру талданып отырған кезеңде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер еткені атап өтілді.

Бұл ретте АДБ-ның жоспарлы нысаналы жекелеген индикаторларын азайту жағына қарай түзету және оларға қол жеткізбеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің үздіксіздігі, сабақтастығы және дәйектілігі қағидатының сақталуын тиісті шамада қамтамасыз етпеді.

2018 жылы 23 (18,2%), 2019 жылы 7 (21,2%), 2020 жылы даму бағдарламасының 4 (12,1%) нысаналы индикаторларына қол жеткізілмеді.

Талданып отырған кезеңде жергілікті бюджеттердің параметрлері: аудандық бюджеттің кірістері бойынша 2018 жылы – 100,7% – ға, 2019 жылы - 101,5%– ға, 2020 жылы – 102,2% – ға, шығындар бойынша - тиісінше 100%-ға, 99,7% - ға және 98,9% - ға; ЖӨБ бюджетінің кірістері бойынша 2018 жылы-102,7% - ға, 2019 жылы-104,5% - ға, 2020 жылы-104,9% - ға, 2018-2020 жж. шығындар бойынша-100% - ға өсті. Бұл ретте жергілікті бюджеттердің жоғары тұрған бюджеттерге тәуелділігі сақталып отыр - трансферттердің үлесі 77-ден 84% - ға дейін құрайды, бұл белгілі бір дәрежеде уәкілетті органдар мен ауыл әкімдерінің өз кірістерінің өсу резервтерін іздестіруге мүдделілігін төмендетеді.

Аудандық бюджет пен ЖӨБ бюджеттерінің шығыстары әлеуметтік бағдарланған, өңір халқының өмір сүруінің қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету міндетін шешуге бағытталған. Бұл ретте ҚБШ-да бюджет қаражатының бөлінбеген қалдықтарының едәуір көлемінің жинақталуы бюджет қаражатын басқарудың тиімділігіне теріс әсер етті.

Өңірде тұрғындарды коммуналдық тұрғын үймен, орталықтандырылған сумен жабдықтаумен, сапалы білім беру және медициналық қызметтермен қамтамасыз ету; өмір сүру үшін қауіпсіз жағдайлар жасау мәселелері шешілмеген күйінде қалып отыр.

Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын бұзушылықтары аудитпен қамтылған барлық 14 объектіде анықталған, осыған байланысты мемлекеттік мекемелердің қаржылық тәртібін нығайту, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының бюджет қаражатын тиімсіз, негізсіз жоспарлау мен пайдаланғаны үшін жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ кадр саясатын жетілдіру бойынша жедел басқарушылық шешімдер қабылдау қажет.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Осакаров ауданы әкімінің және мемлекеттік мекемелердің атына нұсқамалар жолданды.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін және бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін бұзу фактілері бойынша аудит материалдары лауазымды адамдардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін, сондай-ақ қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттер белгілерімен бірге тиісті уәкілетті және құқық қорғау органдарына жіберілді.