
2021 жылғы 23 желтоқсанда тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырыста «Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы» ММ және оның ведомстволық бағынысты мекемелеріне бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды.
Аудит объектілері талдау кезеңінде жүктелген құзыреттер шеңберінде жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс, жалпыға бірдей әскери міндетті орындау саласында қажетті іс-шараларды іске асырды:
жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс-қорғаныс мақсатында қорларды қалыптастыруға және материалдық-техникалық жарақтандыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар қаражатының көрсеткіштеріне қол жеткізу және игеру қамтамасыз етілді;
жалпыға бірдей әскери міндетті атқару - азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасалды, Республиканың Қорғаныс министрлігінің әскерге шақыру бойынша нарядтары орындалды, әскерге шақырылушылардың жоспарланған саны Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына жіберілді.
Сонымен қатар, бірқатар жағдайларда басқарма және оның ведомстволық бағынысты мекемелері мамандарының кәсіби құзыреттілігі, қаржылық қызметті жүйелі бақылаудың болмауы бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісінше сақталуын қамтамасыз етпеді.
Басқарманың жетекшілік ететін салаларда цифрлық технологияларды дамыту жөніндегі функцияларды толық іске асырмауы жұмылдыру және қорғаныс процестерін басқарудың «адами факторға» теріс тәуелділігін тудырады.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің атына нұсқамалар, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзу фактілері және бухгалтерлік есептілікті қалыптастыру бойынша аудит материалдары әкімшілік жауапкершілікті қарау үшін тиісті уәкілетті органдарға жіберілді.