
2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, 4 тоқсанда ББӘ - Қарағанды облысының «Ішкі саясат басқармасы» ММ шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізілді.
Мемлекеттік аудит қорытындылары Басқарма мен оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі мен қаржылық есептілікті жасауы шоғырландыру ережелері мен талаптарын бұза отырып жүзеге асырылатынын, бұл әкімшінің ШҚЕ-те елеулі бұрмаланулар мен дәйексіз деректерге әкеп соқтыратынын көрсетті.
Шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша пікірді (ескертпемен) қалыптастыру үшін жекелеген қаржылық есептіліктерге аудит жүргізу процесінде белгіленген шоттар сальдосының барлық қайшылықтары талданды («Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ және «Қоғамдық келісім» КММ).
Аудит белгілеген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 44 573,9 мың теңгені құрады, оның 27 158,4 мың теңгесі есепке алу бойынша қалпына келтірілді және 17415,5 мың теңгесі бюджет кірісіне толық көлемде өтелді.
ШҚЕ мемлекеттік аудит барысында рәсімдерді орындау тәртібінің 12 бұзушылығы анықталды.
Қаржылық бақылау шараларын қабылдау үшін Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасын бұзу бөлігінде әкімшілік жауапкершілікті қарау үшін 2 материал жолданды.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігіне ұсыныстар бастамашылық етілді.