
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.
Тексеру комиссиясының төрағасы Аян Абдыкаримов және тексеру комиссиясының мүшесі Аян Таханов құттықтау сөз сөйлеп, аппарат қызметкерлеріне бейбітшілік, жақсылық және амандық тіледі.
Мереке құрметіне жұмыстағы жетістіктері үшін ерекше көзге түскен қызметкерлерге ведомстволық марапаттар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.