Корпоративтік табыс салығын бюджетаралық қатынастарға қайта бөлудің рөлі

Корпоративтік табыс салығын бюджетаралық қатынастарға қайта бөлудің рөлі

Корпоративтік табыс салығын бюджетаралық қатынастарға қайта бөлудің рөлі

 

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында фискалдық орталықсыздандыру шеңберінде шағын және орта бизнестен (бұдан әрі – ШОБ) түсетін корпоративтік табыс салығынан (бұдан әрі – КТС) түсімдерді жергілікті бюджеттерге беру мәселесін шешу тапсырылды.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Бюджет кодексіне өзгерістер енгізілді, онда ШОБ-тан КТС түсімі жергіліктібюджетке берілді.

ШОБ-тан КТС қайта бөлінгенге дейін жергілікті бюджеттерге жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, мүлік салығы, жер салығы, көлік салығы, төлемдер, алымдар, тіркеу алымдары, лицензиялық алымдар, мемлекеттік баждар сияқты салықтық түсімдер бекітілген. Аталған салық түсімдері тұрақты сипатқа ие және сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді емес.

Жергілікті бюджетке түсетін жоғарыда көрсетілген салықтар тұрақты болып табылады, экономикалық циклдердің әсеріне аз ұшырайды, сондай-ақ жиналудың жоғары дәрежесіне ие, өйткені олар нақты аумақтық байланыстылық бар салық базасынан алынады.

Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген түсімдер жергілікті атқарушы органдарды өңірлік экономиканы дамытуға ынталандырмайды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» ҚР Кодексіне (бұдан әрі – ҚР Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент, резидент емес заңды тұлғалары КТС төлеушілер болып табылады

КТС салу объектісі салық салынатын табыс, төлем көзінен салық салынатын табыс, заңды тұлғаның таза табысы болып табылады.

Салық салынатын кірістен ұсталған кезде КТС салық мөлшерлемесі 20%-ды құрайды. Ерекшеліктер бар: заңды тұлғалар-ауылшаруашылық тауар өндірушілері және аквамәдениет өнімдерін өндірушілер (басқаша айтқанда-балық шаруашылығы) КТС-ны 10% мөлшерінде төлейді.

Резиденттердің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын КТС мөлшерлемесі 15%-ға тең. Резидент еместер үшін КТС мөлшерлемесі бойынша градация бар – 5-тен 20% - ға дейін, бірақ ол жергілікті бюджетті толықтыруға ерекше әсер етпейді, себебі, 100 мың салық төлеуші – 2020 жылы жергілікті бюджетке 386,4 млрд теңге түсімді қамтамасыз ететін шағын және орта бизнес өкілдері – Қазақстан резиденттері.

Айта кететін жайт, өңірлердегі шағын бизнес өкілдерінің барлығы бірдей КТС төлеушілері болып табылмайды, өйткені олар арнайы салық режимдерінде – патент, оңайлатылған декларация немесе бірыңғай жер салығы бойынша жұмыс істейді, олар бойынша мөлшерлемелер 2-3% - ды құрайды.

Жергілікті бюджеттерге ШОБ-тан КТС беру жергілікті атқарушы органдардың өңірдегі экономикалық белсенділікті арттыру, ШОБ дамыту және жергілікті бюджеттер кірістерін ұлғайту бойынша ынталандыруын күшейтеді, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігін қысқартады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысының бюджетіне салық түсімдері 200,0 млрд. теңгені құрады немесе алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда өсу қарқыны – 125,3% -ды, оның ішінде КТС түсімі 24,9 млрд. теңгені құрады. Бұл түсімдер болмашы, тіпті салықтардың басқа түрлерімен салыстырғанда-ШОБ-тан КТС бойынша түсімдер әлеуметтік салық бойынша түсімдерден 2 есе (51,7 млрд. теңге) және ЖТС бойынша түсімдерден 2,5 есе (63,7 млрд. теңге) аз.

Бұдан бөлек, Қарағанды облысының өңірлері бойынша ШОБ-тан КТС түсімдері біркелкі бөлінбеген.Мәселен, Қарағанды, Теміртау қалалары және Бұқар Жырау ауданы ШОБ-тан КТС түсімдерінің жартысынан астамын алды, бұл ретте Қарқаралы ауданы, Приозерск және Қаражал қалалары ШОБ-тан КТС түсімдерінің ең азын алды.

Дамуға арналған басым шығын үшін КТС-тен түсетін түсімдер барлық өңірлерге тән емес. Егер жергілікті бюджеттердің шығыстарындағы КТС үлесіне қарайтын болсақ, деректер ең көп үлес (9,94%) Теміртау қаласына тиесілі екенін, содан кейін Қарағанды және Балқаш қалалары келетінін көрсетеді.Көптеген өңірлерде КТС үлесі 0,01-0,6% шегінде сақталса, Қарқаралы және Осакаров аудандарында бұл көрсеткіш 1% - дан аспайды.

2020 жылы 7 500 ШОБ жергілікті бюджетке КТС түсімін қамтамасыз етті, онда 42-ден астам салық төлеуші 100 млн. теңгеден астам КТС төледі, оның ішінде түсімдердің ірі сомалары «Қазақстан фармацевтикалық кешені»    ЖШС-ға – 804 654,9 мың теңге немесе жалпы соманың 3,2%- ы, «FLSmidth (ФЛСмидс)» ЖШС-768 730,0 мың теңге немесе 3,08%, «RecyclingCompany» ЖШС-754 211,5 мың теңге немесе 3%-ы тиесілі.

Мұны қалыптасқан экономикалық жағдаймен түсіндіруге болады: ШОБ субъектілерінің бір бөлігінен бюджетке түсетін түсімдер кейінге қалдырылды (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын және микробизнеске үш жылдық мораторий енгізілді) немесе коронакризиске байланысты жойылды.

Осыған байланысты, ҚР Үкіметі республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен ШОБ-тан түсетін КТС түсімдерінің шығындарын өтеу туралы шешім қабылдады, бұл шара уақытша болып табылады және шағын бизнесті шағын бизнес санатынан орта бизнес санатына, ал орташадан ірі бизнеске көшуге ынталандырады.

Қазақстандағы реформаның нәтижесі әлі белгісіз болып қалуына қарамастан, оны енгізу ел үш

Бұл маңызды реформаны іске асыру қарқынын сақтаудың маңызы зор, өйткені ол жергілікті атқарушы органдарды өңірлерде іскерлік белсенділікті арттыруға және ШОБ-ты дамытуға ынталандыруды көздейді. 

 

 

Қарағанды облысы бойынша

тексеру комиссиясының мүшесі                                      А.Таханов