
Өңірде білім беруді цифрландыру қалай жүріп жатыр
Қазақстандағы білім беру – имандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсаттарында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі.
Жаһандық сын-қатерлер, жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу, IT-технологиялардың жедел дамуы және адами ресурстардың жинақтылығы білім беру жүйесін одан әрі дамытуды талап етеді.
Білім беруді жаңғырту шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 және 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеп, бекітті.
Онда 2016-2019 жылдарға арналған негізгі мақсаттар айқындалған: сапалы орта білімге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, орта білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету және орта білім берудің мазмұнын жаңарту есебінен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және зияткерлік, тәндік, рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру болып табылады.
2020-2025 жылдарға қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен жарақтандыруды жалғастыру, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды тәрбиелеу мен оқыту көзделген.
2017-2020 жылдары Қарағанды облысының білім басқармасында және олардың ведомствоға бағынысты ұйымдарында Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы жүргізген цифрлық білім беру инфрақұрылымын құруға арналған бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитімен өңірдегі білім беруді цифрландыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру:
облыстың 11 өңірінде жылдамдығы 10 мбит/с жоғары интернеті бар мектептер санын 80% - ға дейін немесе 1,7 есеге ұлғайта отырып, өңірдің барлық 508 мектебін интернетпен қамтамасыз етуге;
бір компьютерге оқушылар санын 5,5-тен 3,8 адамға дейін азайтып, 2017 жылдың басымен салыстырғанда жаңа модификация кабинеттерімен қамтамасыз етуді 62% - дан 74% - ға дейін арттырған облыстың аудандары мен қалаларының мектептерін компьютерлік техникамен, 2 902 бірлік мультимедиялық жабдықтармен (ПИК), жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен жарақтандыруға;
білім беру процесінде қашықтықтан оқыту форматын қолдануға ықпал еткен облыстың барлық мектептеріне онлайн және офлайн режимдерде цифрлық контентке қол жеткізуге мүмкіндік бергені анықталды.
Өңірдегі жалпы орта білім берудің қарышты инфрақұрылымдық дамуы оқыту сапасына оң әсер етті – 2020 жылы оқушылардың жалпы санында үздіктер мен екпінділердің үлесі 50% құрады, 348 түлек «Алтын белгі» белгісін растады.
Сонымен қатар, облыстың 6 ауданында 20% мектептерде интернет жылдамдығы 4 Мбит/с төмен болып отыр.
Облыстың бір мектебіне 6 ПИК мультимедиалық жабдықпен орташа жарақталған кезде, мектептердің 27%-ы 2-ден 6 ПИК-ке дейін жеткілікті қамтамасыз етілмеген. Бұл ретте өңірдің жекелеген мектептерінің жарақтандырылуы орташа облыстық мектептерден 5-тен 10 есеге дейін асады.
Осылайша, облыстың оқу ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен біркелкі қамтамасыз етпеу орта білім беру ұйымдарының цифрлық теңсіздігін қысқарту Бағдарламасының мақсатына қол жеткізбеуге себеп болды.
Қарағанды облысы бойынша
тексеру комиссиясының мүшесі А. Садыков