
Жоғары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының құрылғанына 25 жыл және тексеру комиссияларының құрылғанына 10 жыл толуын мерекелеу шеңберінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті тексеру комиссиялары арасында «Үздік тексеру комиссиясы» номинациясы бойынша республикалық конкурс өткізді.
Конкурстық комиссияның шешімімен Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы жеңімпаз болып анықталды.