
Баспасөз хабарламасы
2019 жылғы 26 желтоқсанда тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Тексеру комиссиясының отырысында жергілікті атқарушы органдардың борышын басқарудың сараптамалық-талдау іс-шарасы мен мемлекеттік аудит қорытындылары шығарылды.
Отырыс барысында республикалық бюджеттен берілген кредиттер мен облигациялық қарыз қаражаты өңірдің жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта құру және салу, тұрғын үй салу, ауылда және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамыту, мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру бойынша әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге ықпал ететіні атап өтілді.
2018-2019 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің борыш көлемі мен борыш жүктемесінің деңгейі өсу үрдісіне қарамастан, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген лимиттерден аспайды.
Сонымен бірге, аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қарыз алушылармен және бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі уәкілетті органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылының әлсіз болуы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің кредиттік қаражаттың пайдаланылуын жоспарлау, жүйелік мониторинг жүргізу және бақылау үшін жеткіліксіз жауапкершілігі тұрғын үй құрылысы, жылу желілерін қайта жаңарту және жаңғырту жөніндегі жобаларды тиісінше іске асыру, бюджет алдындағы несиелік міндеттемелерді уақтылы және толық орындау үшін тәуекелдер тудырады.
Сараптамалық-талдау іс-шараларының және мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы ақпарат Қарағанды облысының әкіміне жолданды.