Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Қазақстанның Тәуелсіздік күнін тек мемлекет үшін ғана емес, бүкіл халық үшін де ең маңызды мейрамдардың бірі деп атауға болады.
Салтанатты жиналыста тексеру комиссиясының отырыс залында Төраға Әбдікәрімов Аян Болатұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға мықты денсаулық, амандық, тұрақтылық және өзара түсіністік тіледі, сондай - ақ республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінен "мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының үздігі" төс белгісін аппарат басшысы Заур Маратұлы Мүрсалимовке табыс етті.
Сонымен қатар, адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны және жұмыстағы оң нәтижелері үшін марапатталды:
Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы-мемлекеттік аудиторлар Жанакбаева Оксана Абилгазиевна, Оразбай Мұрат Асқарұлы, Бейсембинов Ерлан Омргазыұлы;
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының Алғыс хаттарымен - мемлекеттік аудиторлар Балтабаев Жаныбек Мұсағалиевич, Сеитов Дәулет Сергалиевич, сонымен қатар жетекші маман - ассистент Нұркенов Абылай Оралғазыұлы.