Баспасөз хабарламасы
2019 жылғы 7 қарашада тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Тексеру комиссиясының отырысында жекелеген түсімдерді өндіріп алудың толықтығы мен уақтылылығына, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қате (артық) төленген сомаларды қайтарудың, есепке жатқызудың, салықтық әкімшілендірудің дұрыстығына мемлекеттік аудит қорытындылары шығарылды.
Отырыс барысында келесі бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды:
- салық қызметі органдарының өкілеттіктерінде бюджеттің салықтық түсімдерін жоспарлау жөніндегі құзыретінің болмауы олардың орындалу сапасына теріс әсер етеді;
- салық салу базасы бойынша тиісті уәкілетті органдардың қате деректері және салық қызметі органдарының соңғы әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдамауы олардың қате деректерді жүйелі түрде ұсынуына ықпал етеді, олар кейіннен салық пен өсімпұлды есептеудің объективтілігіне, толықтығы мен уақтылығына және салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыруға теріс әсер етеді;
- бересі мен артық төленген сомалардың жасанды ұлғаюы немесе азаюы қате салықтық әкімшілендірудің салдары болып табылады.;
- жергілікті бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық бөлу және есептеу әрдайым қамтамасыз етілмейді;
- салықтық бақылауды жүзеге асыру кезінде мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының орындалуын қамтамасыз ету шаралары мен тәсілдерінің жиынтығы әрдайым қабылданбайды;
- мемлекеттік кірістер органдарымен қабылданған құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына әрдайым сәйкес келмейді.
Аудит нәтижелері бойынша аудитке ұшыраған Басқармалар мекен-жайларына нұсқамалар жолданды.
ания.