Баспасөз хабарламасы
2019 жылғы 07 қарашада тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Тексеру комиссиясының отырысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға (жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша) бөлінген бюджет қаражатын пайдаланылудың мемлекеттік аудитінің қорытындылары шығарылды.
Отырыс барысында мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру, инвестициялық салымдардың өсуі өңірдің ауыл шаруашылығы саласының үдемелі дамуына ықпал еткендігі атап өтілді.
Сонымен қатар, бұрын мемлекеттік аудит органдары мен құқық қорғау органдары анықтаған бұзушылықтарды жүйелі талдаудың болмауы, олардың алдын алу үшін пәрменді шаралар қабылдамауы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы басқармасының аудандық (қалалық) бөлімдермен және ауыл шаруашылығы құрылымдарымен бірлесіп дұрыс жұмыс істемеуі бюджеттік бағдарламаларды тиімді жоспарлау мен басқаруды қамтамасыз етпеген.
Құрылымдықбөлімшелердіңжұмысынтиісіншеүйлестірмеу,ішкіқызметтеқатаңжәнежүйелібақылаудыңболмауыжәнесоныңсалдарынан бюджет қаражатыннегізсіз, тиімсізжоспарлаужәнетиісіншепайдаланбауүшінжауапкершіліктіңболмауыҚазақстанРеспубликасының бюджет жәнеөзге де заңнамасынбұзуғажолберілгеннегізгісебептергеайналды, басқарманыңагроөнеркәсіптіккешендіжәнеауылдықаумақтардыдамытусаласындағымемлекеттіксаясаттыіскеасыружөніндегіміндеттердішешуінетерісәсеретті.
Аудит нәтижелері бойынша ауыл шаруашылығы басқармасына нұсқама, анықталған бұзушылық фактілері бойынша аудит материалдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментіне жолданды.