Баспасөз хабарламасы Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Баспасөз хабарламасы Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Баспасөз хабарламасы

 

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Қазақстан халқы үшін Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі – елдің негізгі заңы Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау болды.
Салтанатты жиында Тексеру комиссиясының төрағасы Аян Болатұлы Абдикаримов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға бейбітшілік, амандық және кәсіби қызметте толағай табыстар тіледі, сондай-ақ қаржы басқарылуына мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы Нұрлан Мұхамбетжанұлы Нысамбаевқа республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінен ІІІ дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалін табыс етті.
Сонымен қатар, адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны және жұмыстағы оң нәтижелері үшін мемлекеттік аудиторлар Любовь Юрьевна Панкратова, Гүлбану Әбілдақызы Есімова, Сералы Кәрібозұлы Нәбиев  Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.