Баспасөз хабарламасы 2019 жылғы 22 тамызда тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Баспасөз хабарламасы 2019 жылғы 22 тамызда тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Баспасөз хабарламасы

 

2019 жылғы 22 тамызда тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Тексеру комиссиясының отырысында коммуналдық тұрғын үй қорын басқару саласындағы аудит объектілері қызметінің сараптамалық-талдау іс-шарасы және мемлекеттік аудит қорытындылары шығарылды.
Отырыс барысында облыс өңірлері халқының тұрғын үйге деген қажеттілігінің өсуі, тұрғын үй қоры сапасының жақсаруы атап өтілді.
Бұл реттеуәкілетті органдар – тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінің және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің жүктелген функцияларды тиісінше іске асырмауы;ПИК нысанында кондоминиумдарды басқару органдарын құруға, көп пәтерлі үйлерді жөндеу және терможаңғырту жүргізуге халықтың мүдделі болмауы; жүргізілген жөндеу жұмыстары үшін қаражаттың «қайтарымдылығы» төмен деңгейі тұрғын үй сапасын арттыру, тұру жағдайларын жақсарту және жергілікті бюджеттерді тұрғын үйді жалға беруден және жекешелендіруден түсетін түсімдермен толықтыру үшін қолданыстағы тетіктерді пайдалануда тежеуші факторлар болды.
Аудит нәтижелері бойынша аудандар (қалалар) әкімдерінің және аудитке ұшыраған объектілер басшыларының атына нұсқамалар жолданды.