2019 жылғы 21 маусымда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясында мемлекеттік қызметші күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.
Тексеру комиссиясының төрағасы Аян Болатұлы Әбдікәрімов қатысушыларға тілек білдіріп, Қазақстанда мемлекеттік қызметші күнін мерекелеу мемлекеттік қызметтің беделін нығайтуға, еліміздің Тұңғыш Президенті жариялаған кәсіби мемлекеттік аппарат жұмысының «Халық пен мемлекетке қызмет ету бәрінен жоғары» негізгі принципін танымал етуге бағытталғанын атап өтті.
Тексеру комиссиясының мүшесі Аян Борисович Таханов құттықтау сөзінде барлық қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, бейбітшілік, бақыт, жақсылық, сондай-ақ жұмыста табыс тіледі.