Баспасөз хабарламасы
2019 жылғы 2 мамырда тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Тексеру комиссиясының отырысында сараптау-талдау іс-шарасының және облыстық бюджетті жоспарлау мен атқарудың мемлекеттік аудитінің, жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын пайдаланудың, Қарағанды облысының даму бағдарламасын іске асырудың қорытындылары шығарылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Қарағанды облысын дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етті.
АДБ-ның 17 нысаналы индикаторларына қол жеткізбеу, оны іске асыру жөніндегі бірқатар іс-шаралардың орындалмауы, негізінен, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, Жауапты орындаушылар мен бағдарламаны бірлесіп орындаушылардың тиімсіз жұмыстарының салдары болды.
Облыстық бюджетті атқару барысында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген жекелеген рәсімдерді тиісінше сақтау қамтамасыз етілмеген.
Әкімшілердің негізделген бюджеттік өтінімдерді ұсынғаны, көрсеткіштерді сапалы қалыптастырғаны және бюджеттік бағдарламаларды тиісінше басқарғаны үшін жауапкершілігінің төмендігі, сондай-ақ өткен жылдардағыдай уәкілетті органмен сындарлы өзара іс-қимылдың болмауы бюджетті жоспарлау және орындау кезінде бұзушылықтар мен кемшіліктердің негізгі себептері болды.
Аудит нәтижелері бойынша экономика басқармасы мен қаржы басқармасы басшыларының атына нұсқамалар жолданды.