Қарағанды облысындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік – бұл мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы тәуекелдерді, пайда мен шығындарды, құқықтар мен міндеттерді теңгерімді бөлу шарттарында мемлекеттің жауапкершілігі саласына дәстүрлі түрге жататын салалардағы өзара тиімді ынтымақтастығы.
Мұндай ынтымақтастықтың мақсаты мен міндеттері - қоғамдық тауарлар мен қызметтердің қол жетімділігі мен сапасын арттыру үшін ресурстарды біріктіру арқылы мемлекет пен жеке сектор арасындағы ұзақ мерзімді қатынастарды қалыптастыру және нығайту.
Қарағанды облысының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу үшін МЖӘ тетіктерін қолдануды талдау мен аудиті 2017-2020 жылдары барлық шарттар тікелей келіссөздер тәсілімен айқындалған әлеуетті жеке әріптестердің бастамасы бойынша жасалғанын көрсетті. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңында жергілікті атқарушы органдарға ұсынылған МЖӘ жергілікті жобаларына қатысты конкурсты ұйымдастырушы болу құзыреті іске асырылмаған.
ТКШ, көлік және инфрақұрылым саласындағы МЖӘ жобалары басталмады және іске асырылмады, бұл олардың айтарлықтай капитал сыйымдылығымен, бәсекелестік ортаның болуымен және осыған байланысты мемлекеттік сатып алу процедураларының жүргізілмеуімен байланысты; спорт және туризм саласындағы жобалар салалық департаменттердің әлеуетті жеке серіктестермен жұмысының жеткіліксіздігіне байланысты іске асырылмады; МЖӘ тетігі білім беру объектілерін салу үшін пайдаланылмаған.
Кейбір жағдайларда мақсаттылық пен нәтижелілікке бағытталған МЖӘ жобаларын іріктеуге тәсіл жоқ, соның салдарынан 2018-2019 жылдары білім беру және денсаулық сақтау саласындағы 15 жобаның оң қорытындылары жүзеге асырылған жоқ.
2017 - 2019жж.және 2020 жылдың 1 жартыжылдығында облыстың жергілікті атқарушы органдары жеке әріптестермен 47 МЖӘ шартын жасасты, олардың төрттен үші (36 шарт) - Денсаулық сақтау саласында, 10 - білім беру саласында, 1-тілдерді дамыту саласында.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру облыстың әлеуметтік саласына 5,9 млрд.теңге жеке инвестицияларды тартуға ықпал етті, оның 5,1 млрд. теңгесі (87,2%) денсаулық сақтауды дамытуға бағытталған және күрделі салымдар сипатына ие, бұл облыс орталығында және өңірлерде көрсетілетін медициналық қызметтер тізбесін кеңейтуге, оларды Жезқазған, Балқаш, Сәтпаев, Шахтинск, Саран, Теміртау қалаларында, Жаңаарқа ауданында пациенттерге "жақындатуға", қолжетімділік пен сапаны қамтамасыз етуге, қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.
Жезқазған, Балқаш, Сәтпаев қалаларында және Жаңаарқа ауданында МЖӘ шеңберінде ашылған медициналық кабинеттердің пациенттеріне аудит жүргізу барысында сұралған 60 пациенттің - 100%-ы тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігіне (компьютерлік және магнитті - резонансты томография, гемодиализ, офтальмологиялық қызметтер), 80% - ы олардың сапасы мен көрсету шарттарына қанағаттанған.
Білім беруге (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту) және тілдерді дамытуға инвестициялар елеулі емес – тиісінше 742 млн.теңге (12,7% жеке инвестициялар) және 5 млн. теңге (0,1%), облыс өңірлерінің мектепке дейінгі балалар мекемелерін орындармен қамтамасыз ету мен мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту сапасын арттыру мәселелерін шешуге бағытталған.
Іске асырылып жатқан жобалар бойынша мемлекеттің қатысуы көрсетілетін қызметтердің көлемін тұтыну кепілдігі арқылы мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну нысанында жүзеге асырылды.
Сонымен қатар,мемлекеттік әріптестер–бюджеттік бағдарламалардың аймақтық әкімшілері МЖӘ жобаларының іске асырылуына тиісті мониторинг пен бақылау, олардың нәтижелілігі мен тиімділігіне талдау жүргізбеген. Мұның бір себебі – жасалған шарттарда мемлекеттік-жекешелік әріптестік нәтижелеріне қол жеткізуді бағалау өлшемшарттары мен көрсеткіштерінің болмауы, бұл жобаларға қатысушылардың жауаптылығы мен ынтасын едәуір төмендеткен.
Соның салдарынан шарттар жасалған МЖӘ - нің 47 жобасының ішінде денсаулық сақтау саласында екі жоба (Шахтинск қаласының орталық ауруханасы және Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасының орталықтандырылған медициналық зертханасы базасында компьютерлік томография кабинетін ашу), білім беру саласында бір жоба (Жезқазған қаласында 160 орындық балабақшаны реконструкциялау және пайдалану) жүзеге асырылмады.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік – жекешелік әріптестік тетіктерін іске асыру бойынша тапсырмалар мен ұсынымдар экономика басқармасына, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне – МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік әріптестерге; тиісті ақпарат - Қарағанды облысының әкіміне жіберілді.