
Ағымдағы жылдың 6 наурызында Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
Тексеру комиссиясының төрағасы Абдыкаримов Аян Болатович алда келе жатқан мерекемен құттықтап, барлық әріптестеріне денсаулық, бақыт, махаббат, жақсылық, отбасылық игілік және алдағы уақытта табыс тіледі.
Сондай-ақ, тексеру комиссиясының мүшелері А.Б. Таханов, А.К. Садықов және аппарат басшысы З.М. Мурсалимов ұжымның тамаша жартысына құттықтау сөздерін жолдады.