Баспасөз хабарламасы
2020 жылғы 5 қарашада Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Тексеру комиссиясының отырысында Қарағанды облысының спортын дамытуға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды.
Осы тиімділік аудитінің талдауы мен нәтижелері Қарағанды облысының спортын дамытуға бағытталған бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін жоспарлау және пайдалану кезінде бюджет және өзге де заңнама рәсімдерінің елеулі кемшіліктері мен бұзушылықтарын көрсетті, бұл аудит объектілері лауазымды тұлғаларының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптары мен ережелерін тиісінше зерделемеуінің және сақтауының салдарынан орын алды.
Аудиторлық іс – шараның қорытындысы бойынша 1 001 772,7 мың теңге немесе қамтылған қаражат сомасының 4,1% – ы сомасына бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар-73 938,6 мың теңге; бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану- 927 834,1 мың теңге. 18 рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы анықталды.
Тексеру комиссиясының отырысына дейін 6 639,4 мың теңге сомасында өтелді және қалпына келтірілді, қалпына келтіруге жататын қалдық – 63 720,0 мың теңге.
Негізгі шығындар 2017-2020 жылдың 6 ай кезеңінде бөлінген 20 905 726,3 мың теңге жалпы соманың 82,3% - ы спортты қаржыландыру кезінде басымдық дәрежесі бойынша спорт түрлерін саралауға қарамастан, кәсіби клубтарды (футбол, хоккей, волейбол) қаржыландыруға, негізгі спорттық жетістіктер мен медальдық сынаққа алып келетін басқа да спорт түрлерін қаржыландыруға барлығы 17,7% (3 706 011,1 мың теңге) бағытталды.
«Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-не аудит нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау, қаржылық тәртіпті арттыру және кәсіби спорт клубтарын ұстауға халықты, бірінші кезекте балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен айналысуға жаппай тартуға бағытталатын қаржы ресурстарын қайта бөлу туралы мәселені қарау бойынша ұсынымдар берілді.