Баспасөз хабарламасы
Ағымдағы жылғы 29 қыркүйекте тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Тексеру комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іс – шараларының іске асырылуына, сондай-ақ Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қарағанды облысындағы ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға бағытталған қаражаттың пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің және талдаудың қорытындылары шығарылды.
Отырыс барысында Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың іс-шараларын осы мақсаттарға бөлінген бюджет қаражаты шеңберінде іске асыруы өңірдің ауыл шаруашылығының басым салаларының үдемелі дамуына; азаматтарды жаппай кәсіпкерлікке тартуға, өңірдің ауылдарында, қалалары мен моноқалаларында кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілер санының өсуіне ықпал еткені атап өтілді.
Сонымен қатар, ішкі қызметтің жеткіліксіз ұйымдастырылуы, аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімдерімен, ауыл шаруашылығы құрылымдарымен, салалық министрлікпен және бюджет қаражаты қарыз алушыларымен қажетті өзара іс-қимылдың болмауы жол берілген бұзушылықтардың себептеріне айналды.
"Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ аудит нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою, қаржылық тәртіпті арттыру бойынша тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.