Баспасөз хабарламасы ағымдағы жылғы 29 қыркүйекте тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Баспасөз хабарламасы ағымдағы жылғы 29 қыркүйекте тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Баспасөз хабарламасы

                                           
Ағымдағы жылғы 29 қыркүйекте тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Тексеру комиссиясының отырысында Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету кезіңде денсаулық сақтау жүйесіне короновирус инфекциясымен күреске бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитінің қорытындысы шығарылды.
Төтенше жағдай кезінде «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-де қажетті материалдық-техникалық база болды, өйткені бюджет қаражаты есебінен сатып алынған жабдықтар, дәрілік препараттар және медициналық мақсаттағы құралдар басқа көздерден ведомстволық бағынысты ұйымдарға сатып алынған және берілген жалпы санының 20% - ын құрады.
Сонымен қатар, аудитпен бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану анықталды, бұл кейіннен бюджет қаражатын қайта бөлуге алып келді.
Нәтижесінде, 1 1100 783,7 мың теңге соммасына бұзушылықтар мен кемшіліктерге әкеп соқты, оның ішінде 2 671,9 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар.
Аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін толық көлемде қалпына келтірілді.
«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ аудит нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау, қаржылық тәртіпті арттыру бойынша ұсыныстар берілді.