
Баспасөз хабарламасы
2020 жылғы 17 қыркүйекте тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Тексеру комиссиясының отырысында Қарағанды облысының мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының іске асырылуы тиімділігіне талдау мен мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.
Отырыс барысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін пайдалану жалпы халық тарапынан сапалы қызметтерге деген сұраныстың артуына, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін құру мен дамытуға ықпал еткені атап өтілді.
Облыстың әлеуметтік саласын дамытуға жеке инвестициялар тарапынан 5 856 327,0 мың теңге көлемінде тартылды, оның ішінде 87,2% – ы денсаулық сақтауға, білім беруге (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту) және тілдерді дамытуға - тиісінше 12,7% және 0,1% - ы бағытталды.
Сонымен қатар, мемлекеттік әріптестердің жекекеменшік әріптестермен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен ведомствоаралық өзара іс-қимыл әрекеттестіктің дұрыс жүргізілмеуі, мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобаларының іске асырылуына жүйелік мониторниг пен бақылау жүргізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тиісті жауапкершіліктері мемлекеттік-жекеменшік сәйкессіз іске асырылуы және олардың нәтижелеріне қол жеткізудің сапасыз бағаланды тәуекелдерін тудырады.