
Баспасөз хабарламасы
Ағымдағы жылғы 5 наурызда тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Тексеру комиссиясының отырысында квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің қызметі тиімділігінің сараптамалық-талдау іс- шарасы мен мемлекеттік аудит қорытындылары шығарылды .
«Сарыарқа «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» және «Сарыарқа «Арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамдары жалпы жарғыларда көзделген мақсаттарға қол жеткізетіні атап өтілді.
Сонымен бірге, жекелеген лауазымды тұлғалардың әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының және Акционерлік қоғамдарының ішкі құжаттарының бұзушылықтарына әкелді.
Аудитпен корпоративтік басқарудың тиімсіз екендігін көрсететін жекелеген кемшіліктер анықталды.
Даму стратегиясы мен даму жоспарлары қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау олардың қол жеткізуінің төмен деңгейін көрсетті.
Акционерлік қоғамдардың активтер мен қаржы қаражатын пайдалану бөлігінде ішкі қызметін тиісінше ұйымдастырмау жалпы сомасы 2,6 млрд.теңгеге бұзушылықтар мен кемшіліктерге әкеп соқтырды.
Аудит нәтижелері бойынша Акционерлік қоғамдар мен олардың акционеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін сақтау, қаржылық тәртіпті арттыру жөнінде ұсынымдар берілді.