
Баспасөз хабарламасы
Бұқар Жырау ауданының «Ботақара су қожалығы» КМК-да мемлекет активтерін басқару және пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы шығарылды, оның нәтижелері бойынша жалпы сомасы 603 363,4 мың теңгеге бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзушылықтар, рәсімдерді орындау тәртібін 18 бұзушылық, 8 жүйелі мәселелер мен кемшіліктер анықталды.
Өтеуге және қалпына келтіруге жататын бұзушылықтар сомасының 102 444,5 мың теңге, 63 622,1 мың теңгесі қалпына келтірілді. Қалпына келтіруге жататын қалдық-12 671,8 мың теңгені, өтеуге жататын 26 150,6 мың теңгені құрады.
Аудиторлық іс-шараның қорытындылары жалпы кәсіпорынға тән жүйелі кемшіліктердің бар екендігін, жергілікті атқарушы орган, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ уәкілетті органы тарапынан тиісті мониторинг пен бақылаудың болмауы кәсіпорынның өндірістік қызметінде бірқатар қаржылық және өзге де бұзушылықтарға, сондай-ақ қаржылық бақылау шараларын қабылдау қажеттігіне әкеп соқтырғанын айғақтайды, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп туралы заңнамасын бұзу бөлігінде 6 материал Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, 5 Материал Бұқар Жырау ауданының мемлекеттік кірістер басқармасына лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін жолданды.
Аудан әкіміне аудит объектісінің басшылығына және уәкілетті органға мемлекет активтері мен аудан бюджетінің қаражатын негізсіз және тиімсіз пайдалануға жол берілген фактілер үшін пәрменді шаралар қабылдау ұсынылды.