Ақпараттандыру саласында бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудиті қорытындылары туралы Баспасөз хабарламасы

Ақпараттандыру саласында бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудиті қорытындылары туралы Баспасөз хабарламасы

Ақпараттандыру саласында бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудиті қорытындылары туралы Баспасөз хабарламасы

2021 жылдың 25 наурызында Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында ақпараттандыру саласында бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудиті қорытындылары қаралды.
Кездесу барысында мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша жаңа қызықты идеяларды әзірлеуге және іске асыруға, ашық ақпараттық қоғамда жұмыс істей алатын азаматтар үшін жаңа жағдайлар туғызуға ықпал еткені, оның ішінде зияткерлік сала мен заманауи технологиялардың үлесінің маңыздылығыатап өтілді.
Қаржыландырудың жыл сайынғы өсуімен, бағдарламалық-мақсатты бюджеттеу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражатын пайдалану кезінде бақылау объектілерінің қаржылық тәртібін жетілдіру ең өзекті мәселе болып табылады.
Мемлекеттік аудиттің екі объектісінде жүргізілген мемлекеттік аудит қаржылық тәртіпті сақтау деңгейінің жеткіліксіздігін, қызметкерлердің өздеріне жүктелген жұмыс бағыттары бойынша өздерінің функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағандарын, сондай-ақ басшылық тарапынан қызметкерлердің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауын бақылауды дұрыс қамтамасыз етпеуінкөрсетті.
Бюджеттік бағдарламаларды тиімді басқару деңгейінің жоғарлауы жоспарлау сапасына көзқарастарды түбегейлі өзгерту арқылы қамтамасыз етілуі керек. Әкімшімен бюджеттік бағдарламалардың сапасыз әзірленуі, оның мемлекеттік органның және ведомстволық бағыныстағы мекеменің мақсатына жетуді сипаттамайтын тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің анықталу негізінде көрсетілгендей, сондай-ақ олардың бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде қаржыландырылуы бюджеттік заңнаманың анықталған бұзушылықтарына, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің негізділік және нәтижелілікпринциптерінің бұзылуына негізгі себепкер болды.
Басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде, атап айтқанда мемлекеттік аудит объектілері құрылымын құру кезінде, сондай-ақ мемлекеттік активті мезгілсізсатып алу кезіндегі қисынсыз тәсілдер бюджеттік ресурстарды басқаруда қосымша шығындарға ықтимал етті.
Осылайша, жіберілген бұзушылықтар ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі міндеттерді шешуге кері әсерін тигізді.
Аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілеріненұсқамалар жіберілді. Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзу фактілері бойынша аудит материалдары Қарағанды ​​облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне лауазымды адамдардың әкімшілік жауаптылығын қарау үшін жіберілді.