Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының қалыптасу кезеңдері

Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының
қалыптасу кезеңдері


2011 жыл
2 мамыр – «Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №67 жарлығымен өңірлік тексеру комиссиялары құрылды. Тексеру комиссияларының негізгі міндеті-жергілікті бюджеттердің атқарылуына сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру.

6 қыркүйек - Қарағанды облысы әкімдігінің №33/11 қаулысымен «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі құрылды.
 
14 қыркүйек - Қарағанды облыстық мәслихатының ХХХVIII сессиясының №433 шешімімен «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілді.
 
16 қыркүйек  -  Қарағанды қаласының әділет басқармасымен № 917-1930-01-ГУ «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға ретінде тіркелді.
 
23 қыркүйек  - тексеру комиссиялары төрағаларының қатысуымен сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының Үйлестіру кеңесінің бірінші отырысы өтті.

 
2012 жыл
8 қазан - Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы С.Б. Өтешов Қарағанды облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына енгізілді.
 
қазан - Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Бақылау» ақпараттық жүйесін пайдалану басталды.
        

2013 жыл
29 наурыз - Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы ақпараттық жүйені пилоттық пайдалану тәжірибесін тарату үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссиялары өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізді.
 
5 сәуір -  тексеру комиссиясы төрағасының №23о/д бұйрығымен Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлеріне «Бақылау» ақпараттық жүйесін практикалық қолдануы ұйымдастырылды.
 
16 сәуір - республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің № 3-НП нормативтік қаулысымен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидалары бекітілді.

               
2014 жыл
қазан - тексеру комиссиясының Қарағанды облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінде «2013 жылы және 2014 жылғы 9 айда құрылысқа және күрделі жөндеуге бөлінетін бюджет қаражатын пайдалану кезінде жол берілетін бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы» мәселесі бойынша сөз сөйлеуі.
 
 
2015 жыл
12 қараша  -  Қазақстан Республикасының «мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңы қабылданды.

30 қараша - республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің №17-НҚ нормативтік қаулысымен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қаржылық бақылауға сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу Қағидалары бекітілді.

15 желтоқсан - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің № 22-НҚ нормативтік қаулысымен мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау Қағидалары бекітілді.
 
 
2016 жыл
11 қаңтар - Қазақстан Республикасы Президентінің № 167 жарлығымен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың Жалпы стандарттары бекітілді.

маусым - қазан - тексеру комиссиясы мамандарының мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдар сертификаттау үшін оқытудан өтуі.

тамыз, қазан  -  тексеру комиссиясы мамандарының мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге және мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өтуі.

желтоқсан – тексеру комиссиясының төрағасы С.Б. Өтешовтың Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жаңа моделі» тақырыбында сөз сөйлеуі.


2017 жыл
қаңтар - Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

қаңтар - маусым - тексеру комиссиясының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестаттаудан өтуі.

2018 жыл
қазан - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қызметін жетілдіру жөніндегі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының Үйлестіру кеңесінің Кіші комитетін құру және оның ережесін бекіту.

қараша - мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Үйлестіру кеңесінің Кіші комитетінің құрамына тексеру комиссиясының төрағасы А. Б. Әбдікәрімовті енгізу.

2019 жыл
қараша - тексеру комиссиясының төрағасы А.Б. Әбдікәрімовтің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының Үйлестіру кеңесі кіші комитетінің отырысында қызметінің қорытындылары туралы баяндамасымен сөз сөйлеуі.

тамыз - тексеру комиссиясы мен облыстық Экономикалық тергеу департаментінің аудиторлық іс-шараларды жүргізу барысында анықталған бюджет қаражатын ұрлау фактілеріне ден қою бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюы.

2020 жыл
наурыз - тексеру комиссиясы, «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы және «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасу.

маусым - шілде - тексеру комиссиясы қызметкерлерінің Ұлыбританияның Сертификатталған мемлекеттік қаржы және бухгалтерлік есеп институтының CIPFA халықаралық біліктілік бағдарламалары бойынша оқытудан өтуі.

30 шілде - республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің № 6-НҚ нормативтік қаулысымен сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің жаңа Қағидалары бекітілді.
қыркүйек - тексеру комиссиясының қызметкерлерінің CIPFA (DipIPSAS, Рublic auditor) халықаралық біліктілігін иеленуі.

2021 жыл
маусым - сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру тәртібі туралы тексеру комиссиясы, облыстық прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі органдарының арасында бірлескен бұйрыққа қол қоюы.

шілде - Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құрылғанына 25 жыл және тексеру комиссияларының құрылғанына 10 жыл толуына орай «Үздік тексеру комиссиясы» номинациясында республикалық конкурстың жеңімпазы болып анықталды.

Дата публикации
04 июня 2021
Дата обновления
04 июня 2021
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
16 июня 2021
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы оқиғаларының фотоархиві
16 июня 2021
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы оқиғаларының фотоархиві

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы