2024 жылғы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы ақпарат
Жеке тұлғалары және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90 - бабының 1- бөлігіне сәйкес жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қабылдауға алдын ала жазылу құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен тізім жасау және журналды, азаматтарды қабылдауды есепке алу карточкаларын толтыру жолымен жүзеге асырылады.
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдаудың 2024 жылғы 4 - тоқсанға арналған кестесі мемлекеттік және орыс тілдерінде тексеру комиссиясының интернет-ресурсында жарияланды және Қарағанды қаласы әкімдігі ғимаратының 1- қабатындағы LED-экранында орналастырылды.
Жеке және заңды тұлғалардан сәйкесінше 49 жазбаша өтініштер түсті , оның ішінде: 36- арыз, 6-хабарлама, 2- сұрау салу, 5-ұсыныс.
Олардың ішінде, қарастырылғаны - 20, жолданғаны -29.