Ықтимал тәуекелдерге әкелетін жағдайлардың туындауы туралы ескерту (хабарлама) және оларды болдырмау бойынша ұсыныстар (ұсынымдар)
№ 1 қосымша
Тәуекел дәрежесі төмен мемлекеттік аудит объектілері бойынша ұсынымдар
Қалалар мен аудандардың әкімдеріне, тәуекел дәрежесі төмен (жол берілетін) мемлекеттік аудит объектілері бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жоғары және орташа дәрежедегі тәуекелдерге әкелетін жағдайлардың алдын алу және оларға жол бермеу мақсатында сандық және сапалық көрсеткіштердің, оның ішінде: бюджет қаражатын ұтымды игеру, бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу, дебиторлық және кредиторлық берешектерді болдырмау бойынша тәуекелдерге мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылады.
№ 2 қосымша
Ықтимал тәуекелдерге әкелетін жағдайлардың туындауы туралы ескерту (хабарлама) және оларды болдырмау бойынша ұсыныстар (ұсынымдар)
Қалалар мен аудандардың әкімдеріне, тәуекел дәрежесі жоғары және орташа мемлекеттік аудит объектілері бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне (жоғары дәрежедегі тәуекелдерге әкелетін жағдайлар сақталған жағдайда) мыналарды қамтамасыз ету ұсынылады:
- бюджет қаражатын ұтымды игеру, сондай-ақ тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бюджетті атқару бойынша қажетті басқарушылық шешімдер қабылдау;
- тікелей және түпкілікті көрсеткіштерге қол жеткізу жолымен бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігі;
- дебиторлық және кредиторлық берешектерді болдырмау;
- жергілікті бюджетке түсетін кірістер бойынша салық түсімдерінің болжамын орындау.
- тәуекелдердің туындау себептері мен белгілерін анықтау мақсатында барлық тәуекелдік және ықтимал тәуекелдік мән-жайлар мен жағдайларға талдау жүргізу.