Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарына арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссияда іске асырылуы
2014 жылдың 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны анықтайтын, негізгі құжаттарының бірі - «Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына» қол қойды.
Осы басты стратегиялық құжатта сыбайлас жемқорлықпен күресудің жетекші рөлі ретінде жемқорлықтың деңгейін түбегейлі төмендетуге жағдай жасайтын, мемлекет пен қоғам өмірінің түрлі салаларында оны тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға мүмкіндік беретін кешенді алдын алу шараларына аса мән берілген.
Аталған құжатта мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде жемқорлықтың барынша азаюын қамтамасыз ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жан-жақты және дәйекті кешенделген шаралары, сондай-ақ жеке секторда Қазақстан азаматтарының осы әлеуметтік зұлымдыққа төзімсіз көзқарасын қалыптастыру қарастырылған.
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектісі ретінде, өз өкілеттіктері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Көрсетілген міндеттерді іске асыру үшін тексеру комиссиясының төрағасы үш жылда бір рет Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі ведомстволық Іс-шаралар жоспарын бекітеді.
Іс-шаралар жоспарын орындау үшін техникалық оқу бойынша сабақтар өткізіледі, онда қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың ережелері түсіндіреді.
Аппараттық жиналыстарды сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері көтеріледі.
Тексерулерге дайындық кезінде Тексеру комиссиясының мүшелерімен мемлекеттік аудиторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрағы бойынша нұсқаулар беріледі.
Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында тексеру комиссиясының қызметкерлері Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынады. Сайтта (krgrevcom.gov.kz) тексеру комиссиясы басшылығының кірістері мен мүлкі, мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтер жарияланады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде аудит объектісі үшін де (аудитті бастау алдында объектіге табысталады) аудиторлардың заңдылықты бұзған жағдайына тексеру комиссиясының лауазымды тұлғаларының байланыс ақпараты (жұмыс, ұялы телефондары, электрондық мекенжайлары) бар жаднамалар әзірленген.
Сонымен қатар, жыл сайын тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді, оның нәтижелері бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.
Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында жүргізілетін (жүргізілген) мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат орналастырылған және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі құрылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау тексеру комиссиясының ішінде шағын плакаттарды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ақпараттық стендті, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарына арналған пошта жәшігін орналастыру арқылы қамтамасыз етілген.
Сенім телефоны жұмыс істейді, оның нөмірі (42-14-99), сондай-ақ тексеру комиссиясы басшылығының азаматтарды жеке қабылдау кестесі тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.