Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының 2023 жылғы 1 тоқсандағы аудиторлық қызметінің нәтижелері туралы
Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясымен мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2023 жылдың 1 тоқсанында 1 аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Мемлекеттік аудитпен 14 115 307,0 мың теңге қаражат көлемімен 5 объект қамтылды.
Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу 1 828 532,2 мың. теңгеге (аудитпен қамтылған қаражат сомасының 12,9%) анықталды. Оның ішінде 689 752,4 мың.теңге қалпына келтірілуге (өтелуге) жатады, 651 681,2 мың теңге немесе 94,5% қалпына келтірілді (өтелді).
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша жолданды:
аудит объектілеріне – 1 аудиторлық қорытынды және 3 нұсқама (2 ұсыным, 12 тапсырма), лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ;
мәслихаттарға – лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн сақтамауының анықталған фактiлерi бойынша 1 ұсыныс;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға – 57 аудит материалы, әкімшілік жауапкершілікке айыппұлдың жалпы сомасы 7 952,1 мың. теңгеге 26 тұлға тартылды.
Есептік кезеңде тексеру комиссиясы ӘҚБтК-нің 462 бабының 3 бөлімі бойынша 1 әкімшілік іс қозғады және іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Қарағанды облысы бойынша Қарқаралы аудандық сотына берілді.