2023 жылдың 1 тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы ақпарат
Жеке тұлғалары және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90 - бабының 1- бөлігіне сәйкес жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қабылдауға алдын ала жазылу құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен тізім жасау және журналды, азаматтарды қабылдауды есепке алу карточкаларын толтыру жолымен жүзеге асырылады.
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдаудың 2023 жылғы 1 -тоқсанға арналған кестесі мемлекеттік және орыс тілдерінде тексеру комиссиясының интернет-ресурсында жарияланды және Қарағанды қаласы әкімдігі ғимаратының 1- қабатындағы LED-экранында орналастырылды.
2023 жылдың 1 тоқсанында азаматтар жеке қабылдауға өтініш берген жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардан сәйкесінше 8 және 2 жазбаша өтініштер түсті, оның ішінде: 3-өтініш, 5-хабарлама, 2-ұсыныс.
Олардың ішінде, қарастырылғаны -3, жолданғаны -7.
Барлық өтініштер мемлекеттік құқықтық статистикалық есептілікте көрінуі үшін, түскен күні есепке алу деректерін енгізу жолымен, " Электрондық құжат айналымы жүйесі LogBook" және «Е-Өтініш»ақпараттық жүйесінде тіркеледі.