2022 жылғы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы ақпарат

2022 жылғы  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы ақпарат

 

Жеке тұлғалары және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау Қазақстан Республикасының  әкімшілік  рәсімдік-процестік кодексінің  90 - бабының          1- бөлігіне  сәйкес  жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қабылдауға алдын ала жазылу құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету  бөлімімен тізім жасау және журналды, азаматтарды қабылдауды есепке алу карточкаларын толтыру жолымен жүзеге асырылады.

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдаудың 2022 жылғы             3 - тоқсанға арналған кестесі мемлекеттік және орыс тілдерінде тексеру комиссиясының интернет-ресурсында жарияланды  және Қарағанды қаласы әкімдігі ғимаратының 1- қабатындағы LED-экранында  орналастырылды.2022 жылы  азаматтар жеке қабылдауға өтініш берген жоқ.

Жеке және заңды тұлғалардан сәйкесінше 12 және 15 жазбаша өтініштер түсті .

Барлық өтініштер мемлекеттік құқықтық статистикалық есептілікте көрінуі үшін, түскен күні есепке алу деректерін енгізу жолымен,  " Электрондық құжат айналымы жүйесі  LogBook" және  «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде тіркеледі.

 

      

 

Дата публикации
05 января 2023