Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының 2022 жылғы 12 айдағы аудиторлық қызметінің нәтижелері туралы
Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясымен мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2022 жылдың 12 айдағы 15 аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Мемлекеттік аудитпен 145 507 023,1 мың теңге қаражат көлемімен 83 объект қамтылды.
Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу 10 703 754,8 мың. теңгеге (аудитпен қамтылған қаражат сомасының 7,4%) анықталды. Оның ішінде 3 284 559,3 мың.теңге қалпына келтірілуге (өтелуге) жатады, 2 238 974,8 мың теңге немесе 68,2% қалпына келтірілді (өтелді).
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша жолданды:
аудит объектілеріне – 15 аудиторлық қорытынды және 34 нұсқама (25 ұсыным, 108 тапсырма), 39 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды;
мәслихаттарға – лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн сақтамауының анықталған фактiлерi бойынша 15 ұсыныс;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға – 300 аудит материалы, әкімшілік жауапкершілікке айыппұлдың жалпы сомасы 14 912,8 мың. теңгеге 137 тұлға тартылды.
Тексеру комиссиясымен есептік кезеңде 12 әкімшілік материал жасалды, 10 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Оңайлатылған тәртіппен салынған әкімшілік айыппұлдар сомасы 2 297,3 мың.теңгені құрады, ол бюджетке толығымен өтелді.