Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының 2022 жылғы 9 айдағы аудиторлық қызметінің нәтижелері туралы

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының 2022 жылғы 9 айдағы аудиторлық қызметінің нәтижелері туралы

 Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясымен мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2022 жылдың  9 айдағы 8 аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Мемлекеттік аудитпен 99 961 789,4 мың теңге қаражат көлемімен 57 объект қамтылды.

Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу 9 502 469,8  мың теңгеге (аудитпен қамтылған қаражат сомасының 9,5%) анықталды. Оның ішінде 2 641 126,9 мың теңге қалпына келтірілуге (өтелуге) жатады, 1 614 609,8 мың теңге немесе 61,1% қалпына келтірілді (өтелді).

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша жолданды:

аудит объектілеріне – 8 аудиторлық қорытынды және 19 нұсқама          (11 ұсыным, 60 тапсырма), 23 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды;

мәслихаттарға – лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн сақтамауының анықталған фактiлерi бойынша 8 ұсыныс;

әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға – 216 аудит материалы, әкімшілік жауапкершілікке айыппұлдың жалпы сомасы  11 956,9 мың теңгеге 107 тұлға тартылды.

Тексеру комиссиясымен есептік кезеңде 10 әкімшілік материал жасалды, 8 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Оңайлатылған тәртіппен салынған әкімшілік айыппұлдар сомасы 2 144,1  мың теңгені құрады, ол бюджетке толығымен өтелді.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
18 октября 2022