Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының 2022 жылғы 1 жартыжылдықтағы аудиторлық қызметінің нәтижелері туралы
Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясымен мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2022 жылдың 1 жартыжылдығында 4 аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Мемлекеттік аудитпен 80 153 351,1 мың теңге қаражат көлемімен 18 объект қамтылды.
Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу 7 051 068,2 мың теңгеге (аудитпен қамтылған қаражат сомасының 8,8%) анықталды. Оның ішінде 574 456,3 мың теңге қалпына келтірілуге (өтелуге) жатады, 473 202,1 мың теңге немесе 82,4% қалпына келтірілді (өтелді).
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша жолданды:
аудит объектілеріне – 4 аудиторлық қорытынды және 10 нұсқама (7 ұсыным, 31 тапсырма), 14 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды;
мәслихаттарға – лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн сақтамауының анықталған фактiлерi бойынша 4 ұсыныс;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға – 208 аудит материалы, әкімшілік жауапкершілікке айыппұлдың жалпы сомасы 5 217,0 мың теңгеге 50 тұлға тартылды.
Тексеру комиссиясымен есептік кезеңде 10 әкімшілік материал жасалды, 8 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Оңайлатылған тәртіппен салынған әкімшілік айыппұлдар сомасы 2 144,1 мың теңгені құрады, ол бюджетке толығымен өтелді.