Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының 2022 жылғы 1 тоқсандағы аудиторлық қызметінің нәтижелері туралы

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының 2022 жылғы 1 тоқсандағы аудиторлық қызметінің нәтижелері туралы

 Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясымен мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2022 жылдың 1 тоқсанында 1 аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Мемлекеттік аудитпен 44 661 461,3 мың теңге қаражат көлемімен 11 объект қамтылды.

Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу 4 469 140,2  мың теңгеге (аудитпен қамтылған қаражат сомасының 10%) анықталды. Оның ішінде 527 875,8 мың теңге қалпына келтірілуге (өтелуге) жатады, 437 873,1 мың теңге немесе 82,9% қалпына келтірілді (өтелді).

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша жолданды:

аудит объектілеріне – 1 аудиторлық қорытынды және 5 нұсқама (1 ұсыным, 18 тапсырма), лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ;

мәслихаттарға – лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн сақтамауының анықталған фактiлерi бойынша 1 ұсыныс;

әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға – 84 аудит материалы, әкімшілік жауапкершілікке айыппұлдың жалпы сомасы 2 010,9 мың теңгеге 27 тұлға тартылды.

Тексеру комиссиясымен есептік кезеңде 7 әкімшілік материал жасалды. Оңайлатылған тәртіппен салынған әкімшілік айыппұлдар сомасы 1 684,7 мың теңгені құрады, ол бюджетке толығымен өтелді.

 

 

 

 

Дата публикации
19 апреля 2022