Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының 2021 жылғы 12 айдағы аудиторлық қызметінің нәтижелері туралы
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясымен мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2021 жылы 17 аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Мемлекеттік аудитпен 188 144 659,6 мың теңге қаражат көлемімен 123 объект қамтылды.
Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу 11 604 163,8 мың теңгеге (аудитпен қамтылған қаражат сомасының 6,2%) анықталды. Оның ішінде қалпына келтірілуге (өтелуге) 7 350 396,8 мың теңге жатады, 6 881 920,6 мың теңге немесе 93,6% қалпына келтірілді (өтелді).
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша:
аудит объектілеріне – 17 аудиторлық қорытынды және 52 нұсқама жіберілді, тәртіптік жауапкершілікке 57 лауазымды тұлға тартылды;
мәслихаттарға – лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн сақтамауының анықталған фактiлерi бойынша 18 ұсыныс;
сот органдарына және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға – 217 аудит материалы жіберілді, әкімшілік жауапкершілікке айыппұлдың жалпы сомасы 22 653,6 мың теңгеге 84 тұлға тартылды.
Құқық қорғау органдарында ҚР ҚК аудиттің 6 материалы сотқа дейінгі тергеп-тексеруде, сотқа қарауға 2 материал жіберілді, 1 материал бойынша сотқа дейінгі тергеудің Бірыңғай тізілімінде тіркеу туралы мәселе қаралып, 3 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.