2021 жылғы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы ақпарат
Жеке тұлғалары және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90 - бабының 1- бөлігіне сәйкес жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қабылдауға алдын ала жазылу құқықтық және әкімшілік жұмыс бөлімімен тізім жасау және журналды, азаматтарды қабылдауды есепке алу карточкаларын толтыру жолымен жүзеге асырылады.
Тексеру комиссиясы басшылығының 2021 жылдың 4 тоқсанына жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелер бойынша қабылдау кестесі Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси "Орталық Қазақстан" газетінің 2021 жылғы 5 қазан № 110(22995) және "Индустриальная Караганда" газетінің 2021 жылғы 5 қазан № 110 (22803) мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланды.
2021 жылы азаматтар жеке қабылдауға өтініш берген жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардан сәйкесінше 6 және 7 жазбаша өтініштер түсті .
Барлық өтініштер мемлекеттік құқықтық статистикалық есептілікте көрінуі үшін, түскен күні есепке алу деректерін енгізу жолымен, " Электрондық құжат айналымы жүйесі LogBook" және «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде тіркеледі.