Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының 2021 жылғы 9 айдағы аудиторлық қызметінің нәтижелері туралы
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясымен мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2021 жылы 12 аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Мемлекеттік аудитпен 128 752 804,9 мың теңге қаражат көлемімен 90 объект қамтылды.
Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу 8 035 997,2 мың теңгеге (аудитпен қамтылған қаражат сомасының 6,2%) анықталды. Оның ішінде қалпына келтірілуге (өтелуге) 4 710 308,6 мың теңге жатады, 4 261 544,0 мың теңге немесе 90,5% қалпына келтірілді (өтелді).
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша:
аудит объектілеріне – 11 аудиторлық қорытынды және 32 нұсқама жіберілді, тәртіптік жауапкершілікке 40 лауазымды тұлға тартылды;
мәслихаттарға – лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн сақтамауының анықталған фактiлерi бойынша 12 ұсыныс;
сот органдарына және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға – 133 аудит материалы жіберілді, әкімшілік жауапкершілікке айыппұлдың жалпы сомасы 12 892,3 мың теңгеге 40 тұлға тартылды.
Құқық қорғау органдарында ҚР ҚК 189-бабының белгілері бойынша 6 аудит материалы қаралуда, 2 материал бойынша қылмыс жасаудағы кінәлілікті тану туралы сот үкімі шешім қаралды, сот үкімдері өткізілді, 3 адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды.