2021 жылдың І жарты жылдықта жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы ақпарат

2020 жылғы І жарты жылдықта іс жүргізуді және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру, атқарушылық тәртіптің жағдайы туралы ақпарат

 

Жеке тұлғалары және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына, "Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысына және жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қабылдауға алдын ала жазылу құқықтық және әкімшілік жұмыс бөлімімен тізім жасау және журналды, азаматтарды қабылдауды есепке алу карточкаларын толтыру жолымен жүзеге асырылады.

Тексеру комиссиясы басшылығының 2021 жылдың 2 тоқсанына жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелер бойынша қабылдау кестесі Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси "Орталық Қазақстан" газетінің 2021 жылғы 3 сәуірде  № 35 (22920) және "Индустриальная Караганда" газетінің 2021 жылғы  3 сәуірде  № 35 (22728) мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланды.

2021 жылдғы І жарты жылдықта азаматтар жеке қабылдауға өтініш берген жоқ.

Жеке және заңды тұлғалардан сәйкесінше 1 және 3 жазбаша өтініштер түсті .

Барлық өтініштер мемлекеттік құқықтық статистикалық есептілікте көрінуі үшін, түскен күні есепке алу деректерін енгізу жолымен, ЭҚАЖ–да тіркеледі.

Дата публикации
02 августа 2021