Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының 2021 жылғы 1 жартыжылдықтағы аудиторлық қызметінің нәтижелері туралы

Мемлекеттік аудит объектілерінің 2021 жылға арналған тізбесіне сәйкес, 6 аудиторлық және сараптау-талдамалы іс-шара жүргізілді.

Мемлекеттік аудитпен 1 462 455,0 мың теңге қаражат көлемімен 2 объект қамтылды.

Қазақстан Республикасы заңнама нормаларының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің бұзушылықтары 52 815 938,8  мың теңгеге (аудитпен қамтылған қаражат сомасының 10,1%) анықталды. Қалпына келтірілуге (өтелуге) 3 260 818,2 мың теңге жатады, 2 963 136,6 мың теңге немесе 90,9% қалпына келтірілді (өтелді).

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша:

аудит объектілеріне – 6 аудиторлық қорытынды және 11 нұсқама  жіберілді, тәртіптік жауапкершілікке 12 лауазымды тұлға тартылды;

мәслихаттарға – лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн сақтамауының анықталған фактiлерi бойынша 5 ұсыныс;

сотқа және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға  – 30 аудит материалы жіберілді, 25 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұлдың жалпы сомасы 9 452,7 мың теңгеге.

Құқық қорғау органдарына - ҚР ҚК 189-бабының белгілері бойынша                   7 аудит материалы қаралуда, 1-уі материал бойынша қылмыс жасаудағы кінәлілікті тану туралы сот үкімі шешім қаралды, 1 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Дата публикации
22 июля 2021