
Мемлекет басшысы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті мен мәслихаттардың тексеру комиссияларын күшейту арқылы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру мен нығайту міндетін 2007 жылы қойған болатын.
Жергілікті жерлерде тәуелсіз сыртқы бақылау органдарын құру қажеттілігі бірқатар объективті себептерге байланысты болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» жарлығына қол қойылған күн - 2011 жылғы 2 мамыр - мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың бірыңғай кешенді жүйесінің тәуелсіз мемлекеттік бақылау органдары ретінде тексеру комиссияларын құрудың бастапқы нүктесі болды.
Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі қаулысымен мемлекеттік мекеме нысанында Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы құрылды, ал облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 14 қыркүйектегі шешімімен мекеме туралы Ереже бекітілді.
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының құрамы қаржы және бақылау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлерінен қалыптастырылды.
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының қалыптасуы мен дамуына оның ардагерлері салмақты үлес қосты: Алмагүл Тайманқызы Үсерова, Құралай Мәдешқызы Бекмағамбетова, Владимир Федорович Самойлюк, Жаролла Ысқақұлы Ысқақов, Светлана Александровна Сарзунова, Серік Жұматайұлы Жұматаев, Қарығұл Жекеев, Айман Сағымбекқызы Қасымова.
Қызметкерлер штаты - 49 адам. Ұжымның негізін экономика және қаржы саласында көп жылдық жұмыс өтілі бар тәжірибелі білікті мамандар құрайды.
Тексеру комиссиясы бүгінде - бюджет қаражатын, мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігі мен заңдылығын сақтауда тұрған бақылау органы.
Тексеру комиссиясы өз өкілеттіктерін іске асыру шеңберінде облыстық мәслихатпен, облыстың аудандары мен қалаларының мәслихаттарымен, Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен, құқық қорғау және өзге де органдармен тығыз және жемісті өзара әрекеттестік жасайды.
2015 жылғы 12 қарашада қабылданған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының заңы ең озық әлемдік тәжірибе негізінде мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесін құрудағы жаңа маңызды кезеңге айналды.
Заң талаптарының шеңберінде тексеру комиссиясының аудиті және қаржылық бақылауы бұзушылықтар мен кемшіліктердің алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі аудиторлық, сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу арқылы жергілікті бюджеттер қаражаты мен мемлекет активтерін қалыптастырудың және пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.